Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды
Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды» деп атап өтті.
«Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды», - деді Мемлекет басшысы.