Қожабаевты қандай жаза күтіп тұр?

Oinet.kz 12-06-2023 461

Шымкенттің бұрынғы прокуроры, одан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Мақсат Қожабаевтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен ұсталғаны туралы ақпарат биыл қаңтарда таратылған болатын. Қожабаеавтың соты жуырда Шымкентте, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. 

Screenshot_17.jpg

Экс-прокурорға  аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Оның сыбайласы Ғұламов деген азаматтың ісі сотқа пара беруге айдап салды деген баптармен берілген.  Әрине, сотталушыларға тағылған айыптарды тарызылау, ақ-қарасын анықтау тек соттың құзырындағы мәселе. Дегенмен... 

Ratel.kz порталында жарияланған мәліметтерге қарағанда, 2021 жылы елордада бір шенеунік істі болған. Оның туыстары шенеуніктің ісін жеңілдету үшін Сыбайлас жемқорлыққа қаорсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаевқа шығуды жоспарлаған. Осы жоспар бойынша олар Қожабаевтың жақсы танысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны Ғұламовпен жолығып,  қылмыстық істі жеңілдетуге ықпал еткен жағдайда 100 мың доллар беретінін мәлім еткенге ұқсайды. 

Ғұламов Қожабаевпен Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде жолыққан. Екіарадағы әңгімеден кейін Қожабаев Ғұламов арқылы өзінің қызметін  120 мың долларға бағалайтынын,  осыншама қаржыға шенеуніктің ісіндегі ауыр баптарды алып тастап, істі жедел сотқа жолданатынын, соттан шартты жаза алып, бостандыққа шығатынын хабарлайды. Келісім бойынша Қожабаевқа алдын ала 20 мың доллар, кейін уәде етілген қалған 100 мың доллар берілген. 

Алайда 2021 жылдың сәуірінде Қожабав ойламаған жерден қызметтен босатылады. Енді ақша берген жақ алаңдай бастайды. Ғұламов Қожабаевтың қызметтен кетсе де істі тындырып, уәдесін орындайтынына сендірген. Алайда шенеуніктің туыстары істің оң шешілмейтініне көздері жеткен соң 2022 жылдың қазанында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданған.  Ал шенеуніктің ісі биыл мамырда сотта қаралып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 

Мақсат Қожабаев уақтысында Сарыағаш ауданының прокуроры қызметін атқарған. Қожабаевтың құзырлы органдардағы керемет карьерасын кейбіреулер қазіргі Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен байланыстырады. Айталық, Марат Ахметжанов Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болған жылдары Мақсат Қожабаев оның орынбасары лауазымына көтерілді. 2012 жылы Ахметжанов қаржы полициясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қожабаев сол жылы қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаментіне басшылық жасады. 2016 жылы Ахметжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымына ауысып келді. Қожабаев 2017 жылы Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2018 жылы Шымкент қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды.  2021 жылы Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Артынша Қожабаев оның орынбасарының креслосын иеленді. Ол бұл қызметтен былтыр сәуірде, Ахметжанов министр болып кеткеннен кейін босатылған болатын. 

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы: «Балық емес, қармақ беру керек»
«Уәдені бердіңіздер ме, орындаңыздар». Абылай Дөңбай өзіне қатысты айыптауларға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу