Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
-Түркістан облысы Арыс-Түркістан суармалы каналында қайғылы оқиға орын алды,-деп хабарлады Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді. Түркістан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бүгін қыздың мәйітін жоғарыдағы каналдан алып шықты.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 112 жеке құрам, 1 квадрокоптер, 7 бірлік техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 бірлік техника, Полиция департаментінен 20 адам, 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.