«Халық әртісі» атағы қалпына келтірілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жасақталған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында «Халық әртісі» атағын қалпына келтіретінін мәлім етті.
-Мен «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазан айында – Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады,-деді президент.
«Қазақстанның халық әртiсі» атағы музыка, хореография, театр, кино, цирк өнерін дамытуға айрықша үлес қосқан адамдарға беріледі.
1920 жылдары белгіленген "Қазақ АКСР халық әртісі" атағы алғаш 1923 - 1924 жылы А.Затаевич, пен Н.Анненкова-Бернарға, 1931 жылы Е.Өмірзақов пен Ж.Шанинге берілді. 1991 жылдан "Қазақстанның халық әртісі" деп аталды. 1999 ж. шілде айынан бастап бұл атақты беру тоқтатылған болатын.