Тоқаев қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтатын Жарлыққа қол қойды

Oinet.kz 14-03-2023 829

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын несиелендіруді кеңейту және халықтың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп:

- жеке тұлғалардың микрокредиттері бойынша берешегін есептен шығаруға (кешіруге) байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістеріне салық салудан уақытша (үш жылға) босату;

- коллекторлық агенттіктер берешекті есептен шығарған (кешірген) жағдайда жеке тұлғалардың кірістеріне салық салудан босату.

Үкімет 2023 жыл 31 желтоқсанға дейін:

банктерге және микроқаржы ұйымдарына кредит беруді ұлғайту, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің ұйымдарынан агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобаларды қоса қаржыландыру тетіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылдасын.

«Amanat» 43 пайыз дауыс алады
Түркістанда екі білім бөлімінің басшысы сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу