Оралбек Ботбай Мәжіліс сайлауына түседі
Түркістан облысында Мәжіліс сайлауына түсуге ниет білдірген бір кандидаттың аты-жөні белгілі болды. Ол белгілі кәсіпкер Оралбек Ботбай. Оның есімін дүйсенбіде Қазақстан халық партиясының съезінде партия төрағасы Ермұқан Ертісбаев жеке мандатпен түсетін кандидат ретінде атады. Төраға Оралбек Ботбайдың Қазақстан халық партиясының мүшелігіне жуырда кіргенін де атап өтті.
Оралбек Ботбай қазіргі уақытта Ақмола облысында тұрады. Кәсіпкер, профессор, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының мүшесі. Ресми биографиясына қарағанда, ол бұған дейін «Нұр Отан» партиясының мүшесі болған. Оралбек Ботбай Бәйдібек ауданының тумасы. Оның сайлауға сол жақтан түсетіні айтпаса да түсінікті.
Өңкей облыс әкімдері өрбіген өңірден енді Мәжіліс депутаты да шықса несі бар?