Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрғындар парацетамол таппай жүр

Oinet.kz 26-01-2023 581

image.png

Қазақстанның бірнеше өңірінде қызуы көтерілген жұрт дәріханалардан парацетамол таппай жүр. Сұранысқа ие дәрінің тапшылығы әсіресе Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында туындаған. Ал фармацевтер парацетамолдың екі айдан бері сатылымда жоқ екенін айтады. Сондықтан олар амалсыздан парацетамолдың балаларға арналған немесе балама түрін ұсынып жатыр, деп хабарлайды  31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Ал жауапты орган мамандары парацетамолға тапшылық өңірлерде байқалмайды деп отыр. Айтуларынша, республика бойынша қазір көтерме және бөлшек сауда желісінде қызуға қарсы әр түрлі дәрілердің тоғыз миллионға жуық қаптамасы бар. Ал қоймада парацетамолдың 1,3 миллионға жуық қаптамасы дайын екен. Мамандар емделушілерге парацетамол таппаған жағдайда дәрінің балама түрін қолдануға кеңес береді.

“Парацетамолмен қатар бірге жүрген парацетамол қосылған дәрілік заттар бар қызуды түсіретін. Олар ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен, нимесулин секілді дәрілік заттар. Сондықтан да парацетамол түгел жоқ деп айтуға болмайды. Өйткені қызуға қарсы басқа да дәрілік заттар бар”, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Қашқымбаева. 

Жақып Асанов сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
Қазақстанда жаңа туған балаларға ID-код берілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу