Қазақстанда жаңа туған балаларға ID-код берілмек

Oinet.kz 26-01-2023 674

image.png

Бұдан былай елімізде жаңа туған балаға бірінші ID-код, одан кейін жеке сәйкестендіру нөмірі берілмек. Бұл – балалар саудасының алдын алу мақсатында жасалған қадам, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

ID код нәресте дүниеге келе салған сәтте, перзентханада беріледі. Себебі қолданыстағы халықты есепке алу жүйесі әр баланың өмірін толық қадағалауға, оны қорғауға мүмкіндік бермейді.

Айта кету керек, бұған дейін депутаттар премьер-министр Әлихан Смайыловқа бала саудасын қалай тоқтатамыз деген сауал жолдаған болатын. Халық қалаулыларының депуттатық сауалынан кейін әр балаға ID код бекіту мәселесі қарастырыла бастады.

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрғындар парацетамол таппай жүр
Сарыағаштағы мектеп қызметкері суицид жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу