Жақып Асанов сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
Бүгін сенаттың жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары болып Жақып Қажманұлы Асанов сайланды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жақып Қажманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы.
1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.
1996-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі – әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы Басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2001-2002 жылдары – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
2002-2003 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2005-2007 жылдары - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2006-2007 жылдары - "Ордабасы" корпорациясы" АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылы қаңтар- қыркүйек – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2017 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары. Бас прокуроры. 2017-2022 жылдары ҚР Жоғары сотының төрағасы болған.
"Құрмет" орденімен; "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен; "Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.