Қазақстанда өзіне қол салғандар енді бөлек жерлейді

Oinet.kz 17-01-2023 943

Өзіне қол салғандар бөлек жерленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Бұл талап әзірге тек Ақмола облысында. Красный Яр ауылының маңында тек өзіне қол салғандар жерленетін зират бар. Сырттай қарағанда басқа зираттардан еш айырмашылығы болмаса да, 2008 жылдан бастап бұл жерге өзіне қол салғандар жалпы мазардан бөлек жерленіп келеді. Қазір мұндағы молалар саны 15-ке жеткен. Имамдар жергілікті ақсақалдармен ақылдаса келе осындай шешімге келіпті. Осылайша имамдар суицид жасаудың ауыр күнә екенін қарашаға ескертуді жөн көріпті. 

“Бір әке-шеше өзінің ұл-қызы өздеріне қарсы шығып, өздеріне қол жұмсаймыз деп қорқытқан кезде осы жерді көрсетіпті, ұл-қызы қателіктерін түсініп кешірім сұрапты. Әке шешесі бізге кейін отбасымызға осындай үлкен тәрбие болды деп алғыстарын айтып жатты”, – дейді Красный Яр ауылы мешітінің бас имамы Науан Мұталов.

Дін қызметкерлерінің бұлай дабыл қағатын жөні бар. Бұл мәселе парламент қабырғасында да жиі көтеріледі. Бірнеше ай бұрын мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов Қазақстанда жыл сайын 4000 мыңға жуық адам суицид жасап бақилық болатынын мәлімдеген еді. 

Қазақстанда жалақыдан алынатын бірыңғай төлем енгізілді: Оны кім, қандай мөлшерлеме бойынша қолдана
Қазақстан пияз экспортын тоқтатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу