Депутат премьер-министрдің отставкаға кету керектігін айтты

Oinet.kz 17-01-2023 624

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов отставкаға кету керек деп есептейді. Бұл туралы депутат журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Screenshot_2.jpg

“Мемлекет басшысы жақсы сың-пікірін айтты. Менің ойымша, бүгінгі таңда министрлер ауыс-түйісі болды. Бірақ, түбегейбі үлкен ауыс-түйісті, біз Конституция аясында Мәжілістің сайлауында кейін күтеміз. Мәжіліске сайлау енді басталайын деп жатыр. Біз үкіметімізді тарқатып алып, Мәжілістің сайлауын бастап алсақ, онда қоғам алдында дұрыс емес нәрсе. Ол өзінің жіберген қәтеліктеріне толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Бір жарым айда жаңадан келген үкіметті біз заңның аясында мүмкіндік беріп, заңды орындауымыз қажет. Мен солай ойлаймын”, – деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Депутат Әлихан Смайыловқа қатысты және оның отставкасын қолдап сөз қозғады.

“Жеке өзім айтатын болсам  біз Алматы қаласындағы спорт мектебінің жабылмауына қатысты мен, депутат Нұрымова, депутат Авершин депутаттық сауал жолдадық. Сол сауалға премьер-министрдің өзі "жабылмайды" деп жауап берді. Бірақ, бүгінгі таңда олай болмай тұр. Әлі де мектепте сабақ басталған жоқ, әлі де лицензиясы қайтарылған жоқ. Осы фактордың өзі менің ол кісіге сенімімді тудырмайды”, – деді депутат

Журналистің "Демек қалдырмау керек деп есептейсіз?" деген сұрағына "Иә" деп жауап қайтарды.

Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді
Қырғызстаннан келген көліктерді заңдастыру: Ішкі істер министрлігі түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу