Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Украиналық ақпарат құралдарының таратқан мәліметіне қарағанда, соғыста қаза тапқан ресейлік жауынгерлердің саны ресми Кремль таратқан цифрдан әлдеқайда көп.
Журналистер ашық дереккөздерінен алынған мәліметтерден осы уақытқа дейін Украинадағы «арнайы операция» барысында 7822 ресейліктің қаза тапқанын анықтаған. Ал Қорғаныс министрі С.Шойгу оның санын бұған дейін 5937 деп көрсеткен болатын.
Мұндай зерттеуді ресейлік "Медиазона" және BBC-дің орыс қызметі жүргізген. Журналистер соғыс басталғалы бері қаза тапқан жауынгерлер туралы мәліметтерді олардың туыстарының әлеуметтік желідегі жазбалары, аймақтық ақпарат құралдарындағы мәліметтер арқылы бақылаған.
Соғыс басталғалы бері Ресей Украинада қаза тапқан жауынгерлердің санын үш мәрте жариялаған. 2 наурызда-498, 25 наурызда-1351 деп көрсетті. 21 қыркүйекте Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қаза тапқан жауынгерлердің санын 5937 деп хабарлаған болатын.
-Бұл жалған. Біздің ашық дереккөздері арқылы анықтаған мәліметімізше, қаза тапқан солдаттардың саны бұдан көп, ал шын мәнінде бұл соғыста ондаған мың ресейлік әскери өлген болуы мүмкін,-дейді журналистер.
Ал Украина Қарулы күштерінің дерегіне қарағанда, соғыста қаза тапқан орыс жауынгерлерінің саны 22 қазандағы жағдай бойынша 67 мыңнан асады.