Тоқаев Асқар Маминнің «көзін құртты»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы өкімге өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Өкім "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жария болды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, кеңес құрамынан оның 14 мүшесі шығарылды:
А.Ұ. Мамин (экс-премьер-министр);
Е.Ә. Досаев (Алматы қаласы әкімі және Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы);
Б.Б. Атамқұлов (Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-министрі);
Р.Е. Дәленов (Еуразиялық даму банкі басқарма басшысының орынбасары);
P.M. Исатаев;
А.Ә. Әріпханов (биыл ақпан айына дейін "Бәйтерек" ҰБХ төрағасы);
А.И. Мырзахметов (бұрынғы ОҚО, Жамбыл облыстарының экс-әкімі);
Р.Дж. Поллетт;
А. Глазенберг;
В.Н. Кнауф;
А. Брейяк;
К. Ульмер-Айлфорт;
В.Ю. Алекперов (биыл сәуірге дейін Лукойл компаниясының басшысы); И. Катаяма.
Сонымен бірге президент кеңестің жаңа құрамын бекітті.