Болат Назарбаев борсықтай болған қалпын жоғалтпаған - журналист
Бәлен жыл, тіпті, бәлен ай аты жаман аурумен, жалпы жаман аурумен ауырған, бір бүйрегі жоқ адамның салмағы сақтала ма, әлде арықтап, азып кете ме?
Мына видеоға қарап, сіздердің не ойлағандарыңызды қайдам, өзім "азбапты, борсықтай былшиған күйін жоғалтпапты" деп ойладым. Өзіміз жай ғана грипп болсақ, 5 күнде 10 кг салмақ тастаймыз. Бетінің қызылын жоғалтпапты. Денесін де сақтаған сияқты.
Өзі сурет салып отыр ма, әлде завещание жазып отыр ма, жоқ әлде кешірім хат жазып отыр ма, түсінбедім. Оператор жақын барып алдындағы аппақ А4-ті неғып түсірмеген дим да. Мойнында қанша адамның көз жасы бар екен?.. Сол адамдардың көз жасының салмағы бұның өз салмағынан мың есе ауыр шығар.
30 жыл бойы қазынаны да, халықты да сүліктей сорса да тоймады-ау...
Жаңа Қазақстан құрғысы келетін Президент мырза осы әулеттен бастап түгел мүлкін тәркілеуі керек еді...
P.S: Видеоны Exk.kz сайтынан көре аласыз.
Сәуле Әбілдаханқызының Facebook парақшасынан