Азат Перуашев Назарбаевты қатаң сынға алды
Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев экс-президент Н.Назарбаев қаңтар оқиғасы үшін тікелей жауапкершілік арқалайтынын айтты. Бұл туралы ол Orda.kz сайтына берге сұхбат барысында жеткізді.
– Иә, оның да тікелей жауапкершілігі бар деп ойлаймын. Ол осы нәрсемен шұғылданған үкіметті тағайындады. Қазіргі президент те үкіметті өзі жасақтайды. 2007 жылға дейін үкімет туралы заңға сәйкес, қайта тағайындалған министрлер кабинеті бір ай ішінде парламентке өзінің әрекеттерінің бағдарламасын ұсынатын. Парламент бағдарламаны мақұлдамаса, өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп үкімет бағдарламаны жетілдіріп, қайта ұсынатын. Егер парламент екінші рет бекітпесе, үкімет ауысатын. Біз парламенттік республиканың жақтасымыз. Сайлауда жеңген партия үкіметті жасақтап, президентке ұсынғанда ғана партиялар нәтиже үшін, үкіметтің сәтсіздігі үшін жауап берер еді. Ал қазіргідей үкіметті президент жасақтайды екен, онда оның жұмысына да өзі жауапты болуға тиіс, – дейді ол.