Қазақстанға көшіп келген орыс бизнесмен қазақтарға таң қалғанын айтты

Oinet.kz 26-06-2022 5929

Бизнесмен Иван Третьяков Ресейден Қазақстанға көшіп келгендегі әсерімен, Қазақстан халқы туралы әсерімен TikTok арнасында бөлісті.

Screenshot_3.jpg

Халықаралық цифрлық компанияның иесі Иван Третьяков Санкт-Петербургте туып-өскен. 2022 жылдың наурыз айында ол Нұр-Сұлтан қаласына көшіп, Қазақстанда бизнесін тіркеді.

"Жергілікті халықты жан дүниесі, қонақжайлылығы үшін атап өткім келеді, мен бұндай адамдарды кездестірген емеспін. Халқы өте мейірбан", - дейді бизнесмен.

Кәсіпкер алматылықтар мен астаналықтар арасындағы айырмашылықты сезінетінін атап өтті.

"Нұр-Сұлтанда таксидегі, мейрамханалардағы және дүкендердегі қарым-қатынастар Алматыдан мүлде бөлек. Мен үшін Алматы өте мейірімді, бірақ бұл Нұр-Сұлтан суық дегенді білдірмейді. Алматыда адамдармен сөйлессеңіз олар сені жақын тартып бірден "сенге" көшеді. "Брат" деп өзімсінеді. Нұр-Сұлтанда ондай емес. Олар жеке шекараны құрметтейді. Маған Нұр-Сұлтан қаласының менталитеті жақын. Кассада кезекке тұрғанда, азық-түлігі менен аз адамды көрсем оны алға өтізіп жіберемін, - деп бөлісті Иван Третьяков.

Ресейден Шымкентке емделу үшін келген ер адам дарға асылып қалған
Қаңтар оқиғасы бойынша 9 адам азаптау фактісі бойынша қамауда отыр – Бас прокуратура
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу