Ресейден Шымкентке емделу үшін келген ер адам дарға асылып қалған

Oinet.kz 25-06-2022 1903

Шымкенттегі дендропарк аумағында 31 мамырда із-түссіз жоғалып кеткен ресейлік азаматтың мәйіті табылды. Алайда ер адамды тану тек 23 маусымда мүмкін болған, деп хабарлайды Отырар басылымы. 

Screenshot_1.jpg

Басылымның мәліметінше, ер адам Ресейге 1 маусымда ұшып кетуі керек болған. Бұл туралы марқұмның туысы айтты. 

"Ол Шымкентке сәуірде келген. Денсаулығымен мәселе болды. Оған климаты жайлы, жылы деп айтқан. Сол үшін келді, бірақ мамырда жаңбыр басталды.Сондықтан үйге қайтпақ болған. 31 мамырда үйден шығып қайта оралмады. Телефоны және өзге заттарын пәтерде қалдырып кеткен", – деді туыстарының бірі. 

Ер адамды еріктілер іздестірген. Оқиғаға қатысты қалалық полиция да пікір білдірді. 

"31 мамырда ер адамның өзіне қол салғаны туралы ақпарат келіп түсті, ол дендропарк аумағында асылып қалған. Белгісіз адамның өлімі туралы деректі Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы тіркеді", – делінген Шымкент полиция департаментінің хабарламасында. 

Айлық 75 пайызға көбейеді - министр
Қазақстанға көшіп келген орыс бизнесмен қазақтарға таң қалғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу