Путин бес қазақстандықты арнайы марапаттады
28-03-2023
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге бейне үндеу жасап, оларды Украинадағы оқиғаларға қатысты нақты ұстанымдарын білдіруге шақырды. Қадыров мәлімдемесін өзінің Telegram арнасында жариялады.
"Ресей Қазақстанды құтқарып қалды. Арменияны да. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды. Қазақстан өз егемендігінен айырылып қалар шақта кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорыққан жоқ. Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген нацистер мен фашистерге қарсы нақты ұстанымдарыңыз жоқ?", - деді шешен ұлтының басшысы.