Тоқаев Аймағамбетовтың билігінің тең жартысын алып қойды
Депутат Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Ал бұрынғы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Осылайша Мемлекет басшысы Тоқаев Білім және Ғылым министрлігін екіге бөліп, Аймағамбетовтың билігінің тең жартысын азайтты.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.