Тоқаев халықтың жағдайын жақсартуға шындап кірісті

Oinet.kz 10-06-2022 2881

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_9.jpg

"Референдум ауқымды жаңғыртуларды жалғастыруға жол ашты. Біз елдің үмітін және сенімін  ақтауға тиіспіз. Барлық салада  бәріне бірдей мүмкіндік берілетін қоғам құруымыз қажет. Тұрғындар экономикалық өсімнің игілігін шын мәнінде көруі  керек. Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі. Сондықтан, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет", – деді Президент.

Мемлекет басшысы экономика саласын тәртіпке келтіріп, түсінікті әрі әділ ойын ережесін бекіту қажет деп санайды. 

Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізіледі
Тоқаев Аймағамбетовтың билігінің тең жартысын алып қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу