«Сіңірген еңбегім көп»: Назарбаев еңбегін бағаламаған халыққа ренжіді
ҚР экс-президенті Н.Назарбаев өзі билік еткен өткен отыз жылда ауқымда істер атқарылғанын, алайда кейбіреулердің мұны ұмытып кеткеніне өкпе-реніш білдірді. Бұл туралы ол Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты деп хабарлайлы Oinet.kz тілшісі.
“Халықтан асқан дана жоқ, халық бәрін есте ұстарына сенімдімін. Қазақстан саяси да, экономикалық та халықаралық процестердің белсенді ойыншысына айналды. Егемендік жылдары елімізге 360 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жан басына шаққандағы кіріс 1993 жылғы 304,85 доллардан 2020 жылы 8,6 мың долларға дейін өсті.
Біз 1991 жылы неден бастадық және бүгінге дейін не нәрсеге қол жеткіздік. Жер мен көктей. Тәуелсіздігімізді нығайттық. Барлық көршілерімізбен шекараны анықтадық және қазіргі уақытта бізге қатысты кез-келген аумақтық шағымдар толығымен алынып тасталды.
Тәуелсіз болу үшін мемлекет әлем мойындаған шекараларға, өзінің соғысқа қабілетті армиясына, ұлттық валютасына, халықаралық мойындауға ие болуы керек.
Мұның бәрі бізде болған жоқ. Бұған менің президент болған жылдарымда және менің басшылығыммен қол жеткізе алдық”, – дейді Назарбаев.