Алматының шын әкімі - Болат Назарбаев па?

Oinet.kz 29-04-2022 3355

Алматы облысының әкімі қанат Бозымбаевтың белгілі бизнесмен-медиамагнат Арманжан Байтасовқа берген сұхбатына қарағанда, бұған дейін Алматы облысының бейресми әкімі болған. Өңірді билеп-төстеген оның  ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болғанға ұқсайды.

Screenshot_5.jpg

Бозымбаев сұхбат барысында қаңтар оқиғасына тоқталыпты. Оның сөзінен түсінегеніміз, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар өзара хабарласып, үнемі байланыста болған. Ұйымдастырушылар халықтың наразылық көңіл-күйін пайдаланған. Ал наразы болуға себеп жеткілікті болған. Бұл дегеніңіз жастар арасындағы жұмыссыздық және басқалар. Бозымбаев осыдан кейін барып, Алматы облысының өзіндік ерекшелігі бар өңір екендігін атап өтеді. 

-Өңір тек әкімдермен, әкімдікпен, құқық қорғау органдарымен ғана басқарылған жоқ. Бейресми басшылар да болған. Бір жақсысы, қазір олар өңірді билемейді,-дейді Бозымбаев. 

Бозымбаевтың Алматының «бейресми басшысы» деп Назарбаевтар әулетін айтып отырғаны байқалады. Елбасының бауыры Болат Назарбаевқа тиесілі деген «Алтын орда» базарының аумағы қазіргі уақытта Алматы облысына қарайды. Бозымбаевтың айтуынша, аталған базарға тексеру жұмыстары жүргізіліп, көптеген заңбұзушылықтар анықталған. 

-Бұл базарға міндетті түрде тәртіп орнату керек,-депті әкім. 

Қанат Бозымбаев Болат Назарбаевты тәртіпке шақыра алады ма?

Путиннің ең әлсіз жері - Алина Кабаева
Қазақстанда күзге қарай митингілер көбеюі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу