Путиннің ең әлсіз жері - Алина Кабаева

Oinet.kz 29-04-2022 1963

Украинаға қарсы соғыс ашқаны үшін АҚШ мемлекеті Ресей президенті Владимир Путиннің өзі ғана емес, олардың туыстарына да санкциялар салды. Бірақ неге екендігі белгісіз Путиннің ұлдарының анасы деп айтылатын, атақты гимнастшы, олимпиада чемпионы Алина Кабаева осы уақытқа дейін санкцияға ілікпеген. Неге?

Screenshot_4.jpg

The Wall Street Journal  басылымының жазуынша, Алина Кабаева -Путиннің ең әлсіз жері. Оған қарсы санкция салынса, Мәскеу мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынас қатты ушығып кетуі мүмкін екен. 

АҚШ билігінде жүрген азаматтардың айтуынша, Кабаева Путиннің жұбайы болып есептеледі. Ол жұбайы ғана емес, Путиннің байлығын шетелге жасырушы. АҚШ үкіметінің ойынша, Кабаева Путинге кемінде үш бала туып берген. 

Жоғарыда аталған басылымның ақпаратына қарсы пікір  айтуға да болады. Кабаеваға санкция салынбайтын себебі-ол Путиннің әйелі ретінде ресми түрде тіркелмеген. Бірақ санкция Путиннің ажырасып кеткен бұрынғы әйелі Людмилаға да салынған көрінеді. Бұған не дейсіз? 

Кедейі ең көп облыс - Түркістан
Алматының шын әкімі - Болат Назарбаев па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу