Сыртқы істер министрі де Қазақстан Ресейдің сойылын соқпайтынын мәлімдеді

Oinet.kz 05-04-2022 4992

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Луганск пен Донецк халық республикаларын мойындамайтынын жеткізді. Бұл туралы ол кулуарда журналистермен болған кездесуде мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

"Біз қазір Луганск халық республикасын да, Донецк халық республикасын да мойындамаймыз. Барлық санкциялар Еуропалық Одақ пен АҚШ тарапынан Ресейге қарсы бағытталған. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз.

Біріншіден, бұл санкциялардың Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі маңызды. Екіншіден, біздің территориямыз бұл санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылмауы керек,"— деді министр.

Осылайша, ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан елі Ресей Федерациясының сойылын соқпайтынын тұспалдады. Ал Телеграм арналарда ресейліктер министрдің бұл сөзіне шамданып реніштерін білдіріп жатыр.

Қазақстанда зейнетақы мөлшері тағы өседі
Шешендердің рухын көтерген үшін Қадыровқа генерал атағы берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу