Ақын Аманжол Әлтаев Мәжіліс депутаты болып сайланды

Oinet.kz 03-03-2022 1223

Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.  Бұл туралы Amanat партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов Instagram-парақшасында хабарлады.

Screenshot_25.png

"Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", - деп жазды Оралов.


 


Қазақстанның жаңа Бас Прокуроры тағайындалды
Ресейлік миллиардер астананы Мәскеуден Сібірге ауыстыруды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу