Тоқаев қай кезге дейін Президент болатынын ашып айтты

Oinet.kz 30-01-2022 1609

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында қай мерзімге дейін президент лауазымында қалатыны туралы сұраққа жауап берді.

Screenshot_6.jpg

"Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауымда саясат пен экономика қатар жүретінін айттым, себебі қазір экономикамен айналысамыз, ал саясат күте тұрады деп айтуға болмайды, тарихымыз саясат та экономикалық қайта құрулар импульсінде өз рөлін атқаратынын көрсетті. Бәріміз, әсіресе менің қатарластарым Марксті оқыдық және Маркстің бұл тақырыпта не айтқанын есімізде сақтаймыз, иә, негіз – экономика, бірақ экономикалық негізге серпін беретін саяси құрылым бар, кейде саяси құрылым экономикалық негізге қарағанда маңызды рөл атқарады. Мұны Маркс айтқан, мен емес.

Бұл – менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан президенті болатынымды білмеймін, бірақ Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық емес екенін нақты білемін. Яғни заңдарды, оның ішінде Конституцияны қайта өзгерту болмайды", –  деп түсіндірді Тоқаев.

«Дүниежүзі түсіну үшін Президент сұхбатты орыс тілінде берді»
Ертең Алматы қаласының әкімі ауысады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу