«Дүниежүзі түсіну үшін Президент сұхбатты орыс тілінде берді»
Ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Қазақстандағы соңғы оқиғалардың әлем алдында өзектілігіне байланысты баршаға жеңіл болуы үшін орыс тілінде жүргізілгенін түсіндірді.
“Сұхбат дүние жүзіндегі аудиторияға арналған.Тақырыптың өзектілігіне және Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың өзге елдердің назарында болуына байланысты мүмкіндігінше баршаға түсінікті етіп қамтуға тырыстық”,-деді хатшы.
Оның айтуынша қаңтар айында мемлкет басшысына ресейлік, америкалық, еуропалық БАҚ-тан сұхбатқа көптеген өтініштер түскен. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты президент отандық “Хабар 24” арнасының тілшісімен сұхбат жүргізу жөн көрген.
“Келесі үлкен сұхбат отандық журналисттерге қазақ тілінде берілетіні сөзссіз”, - деді Берік Уәли.