Бердібек Сапарбаев: Алаңда салафиттер мен мастар көп болды

Oinet.kz 14-01-2022 4407

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі жаппай тәртіпсіздік туралы айтты. Оның айтуынша, тәртіпсіздікті белгісіз топ арнайы ұйымдастырған. Көптеген жастар арандап қалып, соларға еріп кеткен. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Screenshot_9.jpg

"Облыстық құқық қорғау органдары Қырғызстан мен Түрікменстанның азаматтарын қолға түсірді. Бізде бар дерек бойынша, олар - Тараз қаласының студенттері. Ал сырттан келген басқа шетел азаматтарын қосымша анықтап жатырмыз. Олар кімдер, қайдан келді, мақсаты не, қай елдің азаматы, тәртіпсіздікке неге барды және не пайда тапты деген сұрақтарға жауап табылады. Келесі аптада біз толығымен зерттеуді бітіреміз, сосын тиісті жаза қолданылады. 

Араларында басқа мемлекеттерден келгендер де болды. Мысалы, Қырғызстанның, Ресейдің нөмірімен жүрген көліктер, сондай-ақ, нөмірсіз жүргендері тағы бар. Ең маңыздысы, бейбіт шеруге шыққандардың қатарында салафиттер мен сақалдылар көп. Олар қаланың шет-шетінен адамдар тартып, сепаратизмге шақырған. Біздің болжам бойынша, 2000-дай адам болды. Соның өзінде мен әскерге де, полицияға да тек заңға сәйкес әрекет жасаңыздар дедім. Өз халқымызға зияны тиіп кеткенін қаламадым. Ары қарай оқиғаның қалай өрбігені баспасөзде айтылды. Алып-қосарым жоқ.

Өкінішке қарай, күш құрылымдары тез әрекет етсе де, кешкі 5-те қала әкімшілігінің алдына жиналған халықтың арасына арандатушылар мен бүлікшілер қосылып үлгерді. Әкімшілік бұл кезеңде қоғам өкілдерін, зиялы қауымды, ардагерлерді, депутаттар мен спортшыларды жинап, ереуілге шыққан халықпен диалог құруға шақырды. Олардың сөзіне ермей, нанбағаннан кейін алаңға өзім шықтым. Мыңдаған адамның алдында барлық жағдайды түсіндіріп, халыққа басу айттым. Шынын айтқанда, жиналғандар өздеріне не керек екенін де білмейді. Әр нәрсені бір айтып, үлкен дау бастағылары келіп тұрды. Қанша тырыссақ та, құлақ аспады, сөзімізді тыңдағысы да келмеді. Ең өкініштісі, алаңға шыққан адамдардың көбі жастар еді. Обал болды. Екінші байқағаным, бұл тек менің байқауым емес, көпшілік те бірден аңғарған жайт. Жиынға шыққандардың басым бөлігі мас болып шықы. Ешқандай тәртіпке бағынбайды. Мұндай бассыздықты олардың өздері ұйымдастырмаған, бөтен адамдардың қолы анық байқалады", - деді Бердібек Сапарбаев.

Елбасы кеткенде жылап қалған Азат Перуашев қазір оны зейнеткер деді
«Қасіретті қаңтар»: Тоқаев ауыр қылмыс болмаса, жазаны жеңілдетуді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу