Елбасы кеткенде жылап қалған Азат Перуашев қазір оны зейнеткер деді
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында қазір билік жоқ екенін айтты. Оның хабарлауынша, енді ол қатардағы зейнеткер. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Ол кісі барлық міндетін тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығын тапсырды. Енді әрі қарай ол кәдімгі қатардағы зейнеткер шығар. Бірақ, мемлекет ішінде оның құзыреттілігі қалмады. Сондықтан әрі қарай біз тек осы Президентпен (Тоқаевпен - автор) жұмыс істеуіміз керек - деді Азат Перуашев.
Еске сала кетейік, 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тапсырған кезде Азат Перуашев көзіне жас алған болатын.