Бердібек Сапарбаев өзіне қол жұмсаған генералдың өлімі туралы айтты

Oinet.kz 14-01-2022 8677

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзіне қол жұмсаған генерал, облыстық полиция департаментінің бастығы болған Жанат Сүлейменовтың өліміне қатысты пікір білдірді. Облыс әкімінің айтуынша марқұм өте тәжірибелі маман болған. Бұл туралы ол Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Screenshot_7.jpg

"Жанат Сүлейменов өте тәжірибелі маман еді. Талай өңірдің Күш құрылымын басқарды, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болды. Офицердің өз ісіне деген құрметі мен абыройы болады. Бұл жерде бір затты кесіп айту қиын. Әрине, оған оңай болған жоқ. Полиция департаментіне шабуыл жасалды, ол жерден мыңдаған оқ пен қару ұрланды. Бейбіт халық бір-бірімен соғысты. Ол басқарған Департаментте қызметкерлер саны аз болды. Дер кезінде тойтарыс бере алмағанына өзін кінәлады ма, ешкім білмейді. Болып жатқан жағдайлар Полиция департаментінің басшысына, одан қалды генералдың намысына тиді. Соның барлығын саралаған болар, мен анығын білмеймін. Біз кеше ол кісінің үйінде болып, көңіл айттық. Ішкі істер министрінің орынбасары да келді. Қазір сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр, ресми ақпарат сол кезде белгілі болады. Бір анығы, біз мықты маманнан айырылып қалдық. Генералдың жақындарына қайғырып көңіл айтамын" - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, еліміздегі дүрбелеңнен соң Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзіне қол жұмсады.

Әлия Назарбаеваның Дубайда жүргені анықталды
Елбасы кеткенде жылап қалған Азат Перуашев қазір оны зейнеткер деді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу