Әлия Назарбаеваның Дубайда жүргені анықталды
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева Дубайда екен. Бұл Instagram функциясы арқасында белгілі болды. Бұл туралы Orda.kz сайты анықтады.
Айта кетейік, бүгін ол елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін алғаш рет әлеуметтік желідегі парақшасында пост жазды.
«Сіздердің қолдау сөздеріңіз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта әкеме көрсетілген моральдық қолдау үшін де алғыс білдіремін, ол осы күндері әр облыстың тұрғындарынан көптеген хабарламалар алып жатыр. Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін. Өзіңізді сақтаңыз» деп жазды Әлия Назарбаева.
«Аккаунт туралы ақпарат» функциясына сәйкес, Қазақстанның тұңғыш президентінің қызының орналасқан жері Біріккен Араб Әмірліктері екені белгілі болды.
Кейін Әлия Назарбаева Instagram-дағы аккаунтын жапты.Таңертең әкесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсеткендерге алғыс айтып, кейін өз парақшасын жабу туралы шешім қабылдаған.