Нұрсұлтан Назарбаев: «Ол мүйізде нелерің бар, орнына қойып қойыңдар»

Oinet.kz 04-06-2021 3048

Қазақстан Тәуелсіздігін алып жаңа Елтаңбаны қабылдар кезде депутаттар шу шығарған. Олар киіз үйді неліктен аламыз деп, бесбұрышты жұлдыз, мүйізді тұлпар және басқа да символдарға қатысты дау тудырды. Бұл туралы мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков Baq.kz сайтының «Желмая» жобасында айтты.

Screenshot_8.jpg

Жандарбек Мәлібеков ҚР Парламентінің 12 сессиясында еліміздің елтаңбасы талқыға түсіп, оның төңірегінде дау-дамай болғанын айтады. 

"Талқылау барысында Әнұранымыз бірден өтті. Одан кейін Туымыз бен Елтаңбамыз қаралды. Сол кезде 360-қа жуық депутаттың түсінігі әлі Совет үкіметінен шыға алмай жатқаны көрініп тұрды. Олар неліктен киіз үйді аламыз деп, бесбұрышты жұлдыз, мүйізді тұлпар және басқа да символдарға қатысты дау тудырды. Үзіліс кезінде де Елтаңбаның қасына келіп, мұндай мүйізді ат бізде болған ба? Мына шаңырақтың не керегі бар дегендей ойларын білдіріп жатты. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев келіп «ол мүйізде нелерің бар, орнына қойып қойыңдар» деді. Алайда талқыға салғанда мүйізбен тұрған жылқының басы өтпей қалды", - дейді елтаңба авторы. 

Алайда Жандарбек Мәлібеков бұл символдарсыз Елтаңбаның мән-мағынасы болмай қалатынын түсіндіріп бағыпты.

"Сол жерде жүрген Жұмахан деген жігіт, «аға мыналар түсінбей жатыр, сіз мүйізімен және мүйізін алып тастап көрсетіңіз» деді. Содан депутаттар ұнатпай тұрған символдарды алып тастағанда оның мән-мағынасы кетіп қалатыны білінді де, бұрынғы нұсқасы өтті", - дейді ол. 

Ол кезде еліміздің Елтаңбасын жасауда 300-ге жуық жоба келіп түскен екен. Соның ішінде 10-15-і талқыға түскен. Жандарбек Мәлібеков Елтаңбаны таңдау кезінде аяқтан шалған депутаттар көп болғанын да айтты. 

"Менің жұмысыма қарсы болған депутаттардың өз адамдары да осы жобаға қатысып жатқан сияқты болды. Өз адамдарын өткізгілері келіп жатқанын байқадым. Дегенмен комиссия мүшесі болған академик Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, жазушы Әбіш Кекілбаевтың қолдауы жақсы болды, осы елтаңбаның өтуіне олар күш салды. Басқа нұсқалар саяси, тарихи не мән-мағынасы жағынан жауап бере алмады деп ойлаймын", - дейді автор

Өмірзақ Шөкеев: Тәртіп орнатпай, тынбаймын
Бауыржан Байбек әрбір жастың бойында болуы керек үш ерекшелікті атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу