Пармановтың жалақысы 680 мың теңге
Шымкент қаласында «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында мемлекеттік орган басшылары мегаполис тұрғындарына қанша айлық алатындарын жариялады.
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 680 мың теңге алатындығын хабарласа, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 550 мың теңгені құрайтындығын жеткізді.
Ал,қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов 546 мың, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының м.а. Төрехан Дауытов 246 мың, Әл-Фараби ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағдаулет Ашенов 153 мың, Көркем гимнастикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Жүсіпова 250 мың, Диагностикалық орталығының директоры Шолпан Мырзахметова 330 мың, №1 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шауенов 200 мың, «Дарын» орталығының директоры 210 мың теңге алатындығын жариялады.