Сенат төрағасы Әшімбаев Мұхамеджан Тазабекке алғыс айтты

Oinet.kz 15-10-2020 2253

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Асыл арна" телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабекті қабылдады. Бұл туралы Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мұхамеджан Тазабек. Мәулен Әшімбаев.jpg

Арна басшысы кездесу барысында жас буынның тәрбиесі талқыланғанын айтты:

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мырза бүгін, Нұр - Сұлтан қаласының төрінде арнайы қабылдап, атқарып жатқан ақпараттық - рухани шаруаларымызға алғыс айтып, лайықты құрмет көрсетті.

Кездесу барысында халқымыздың асыл құндылықтарын дәріптеу, ұлттық кодты сақтау және тәуелсіздігімізді нығайту мәселелеріне қатысты пікір алмасу болды.

Сондай-ақ, қазіргідей жаһандану дәуірінде жас буынның отаншыл, ұлтжанды болып қалыптасуының маңызы зор екені, сондықтан тәлім-тәрбие мәселесінде осыған баса мән беру керектігі айтылды.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев “егемен елімізде дінаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосып жүргені үшін” деген мәтіндегі алғыс хатпен марапаттады.

Үлкен тәжірибе иесі, осындай мемлекетшіл тұлға тарапынан көрсетілген бұл құрмет бізге тек шабыт сыйлап қана қоймай, одан сайын жауапкершілік арта түсетіні сөзсіз. Бастысы еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы.

Ел іргесі бүтін болсын! - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Еске сала кетейік, Мұхамеджан Тазабек "Қазақстан" ұлттық арнасында бағдарлама жүргізгені үшін оған қоғам белсенділері тарапынан ақпараттық шабуылдар жасалып жатыр. 

Ішкі істер министрі: «Баласының өмірін қиған ана заңды жазасын алады»
Пармановтың жалақысы 680 мың теңге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу