Сайрамда мәслихат депутатын атып кетті

Oinet.kz 05-08-2010 991

Screenshot_3.jpg

Сайрам ауданында белгісіз біреулер аудандық мәслихаттың депутатын тапа-тал түсте атып кетті. Оқиға 30 шілде күні халық қалаулысының Ақсукенттегі үйінің алдында болған. Нөмірі жоқ «БМВ» көлігінен түскен белгісіз біреулер депутатқа трамватикалық қарудан бірнеше мәрте оқ жаудырып, бой тасалаған. Резеңке оқтардан алты жерінен жараланған жәбірленуші Сұлтан Әбдірайымовты ауруханаға көршісі жеткізген. 

Дәрігерлер жарақат алған азаматтың денесінен 3 оқты алған. Бірақ жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір ол үйінде ем қабылдап жатыр.  Өзіне жасалған қастандықты ол кәсіби қызметімен байланыстырып отыр. Қорғаушы болып істейтін С.Әбдірайымов мұның алдында жерге қатысты дауға араласқан көрінеді. Сайрам ауданында әлдебір шенді азаматтар қарапайым ауыл тұрғынының 35 соттық жерін тартып алмақ болғанға ұқсайды. Осыған араша түскен адвокатқа әлдебір жігіттер келіп, «бұған араласпаңыз» деп ескерткен екен. Тіпті, көлемді ақша да ұсыныпты. Қай уақытта да шындықты жақтайтын азамат бұдан бас тартқан.   

Жәбірленушінің өзінің айтуынша, қару қолданғандардың адам өлтіру ниеті болмаған. Олар тек қатаң ескертумен шектелгісі келсе керек.

Орын алған қылмыс бойынша қазір аудан полицейлері бұзақылық және қарақшылық деректері бойынша қылмыстық іс қозғап отыр. Аудандық прокуратура өкілдерінің айтуынша, қылмыскерлерге нақты қандай айыптың тағылатыны олар ұсталып, мән-жай толық анықталғаннан кейін белгілі болмақ.

Ізкесушілер қылмыскерлерді әзірге құрықтай алған жоқ. Шұғыл-іздестіру шаралары жүріп жатыр. 

«Тәшкен көрген баланың» тірлігі қандай?
Оңтүстік Қазақстанда кадрлар ауысып жатыр, ауысып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу