Асанәлі Әшімов: «Бұл – ақымақтық төбелес. Мұндайды қоштамаймын»

Oinet.kz 09-02-2020 2652

asanali-ashimov-2-kopiya-kz.jpg

«Қандастарым менің, жерлестерім, бауырларым, қабырғам қайысып, іштен күйініп отырмын. Бұл – өзіміздің ел! Төбелесқұмар емес, жуас ел едік. Жігіттердің шамына тиген әлдебір топтың жетегінде кетіп қалғаны белгілі болып жатыр. Сондықтан, азаматтарға, бауырларыма тоқтау айтамын. Елдің, жердің басында отырған халық емеспіз бе?

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Жігіттер ақылға салмай, намысқа беріліп кеткен болу керек деп ойлаймын. Мен қазақтың жігіттерін кінәламаймын, шыдамы таусылған тұста шарт кететін қасиет қанымызда бар. Ежелгі бабаларымыз жоңғарлармен соғысты, кешегі аталарымыз фашистермен шайқасты. Әкемізді бердік сол майданға. Бірақ ол – басқа соғыс еді. Ал мынау – ауыл арасындағы төбелес. Алайда, резонансы жаман. Көрші елдерге күлкі боламыз, мазаққа айналамыз. Осыларды ескеру керек. Қаны қызып алған адамдар қайдан ескерсін?! Оны да түсіну керек. Бірақ тоқтату қажет қанқызбалықты.

Бұл – ақымақтық төбелес. Мұндайды қоштамаймын. Түнімен ұйқым қашты, тынышым бұзылды. Менің туған жерімде болып жатқан оқиға болғандықтан айналамдағы кейбір пиғылы бөлек жандар ала көзімен қарайды. «Ана жақта бауырларың не істеп жатыр?» дегендей. Жастар біз секілді қарияларды аясын. Одан да білімге, ғылымға талпынсын. Төбелестің аты – төбелес, аты да жақсы емес»

Асанәлі Әшімов,

Қазақстанның Еңбек Ері

Масанчидегі төбелестің өршуіне себепші болған арандатушылар анықталды
Түркістан облысында қатты жел мектептің шатырын жұлып әкетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу