Масанчидегі төбелестің өршуіне себепші болған арандатушылар анықталды

Oinet.kz 09-02-2020 7150

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы кикілжіңнің жаппай төбелеске ұласып кетуіне себепші болған басты арандатушының анықталғанын айтты, деп жазады Baq.kz-ге сілтеме берген Oinet.kz

МАсанчии.jpg

Хабар таратқан арандатушыны анықтадық. Ең қорқыныштысы, ол хабарларға жағымсыз пікір қосып отырған. Бұл жастардың жаппай бас көтеруіне себеп болды, – деді Калайчиди ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір полицейлер қақтығысқа қатысқан әр адамнан бұл жанжалға қандай себеппен араласқанын білу үшін жеке-жеке әңгімелесіп жатыр. 

Біз бір ғана адамның айтқанын негізге ала алмаймыз. Себебі қақтығысқа бірнеше ауыл қатысты. Бізге осы қақтығысқа қатысқан барлық адамнан пікір алып, сұрастырып, фактілер базасын жинап, оған баға беріп, талдау жасауымыз қажет. Осыдан кейін әрбір адамның бұ қақтығысқа қатысу дәрежесін және рөлін белгілеу керек. Сол кезде әрбір адам бойынша ол сол жерде не үшін болғанын айта аламыз, – деп атап өтті ішкі істер министрінің орынбасары.

Al Jazeera: «Коронавирустың кесірінен Қазақстанда қытай мейрамханаларын өртеді»
Асанәлі Әшімов: «Бұл – ақымақтық төбелес. Мұндайды қоштамаймын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу