Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Тағы да Қордай трагедиясы. Масанчидағы қақтығыстан кейін бірнеше күн өткен соң қираған сауда орталығының ішінен денесі толықтай жанып кеткен мәйіт табылған болатын. Араға уақыт салып табылған дененің тұлғасы анықталды. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Күйік шалған дене жиырма жасар Мұрат Масанов есімді жас жігіттің мәйіті болып шықты. Ол нағашыларына сүйінші сұрауға кеттім деп іс-түссіз жоғалып кеткен. Бұл жайлы марқұмның туыстары айтып отыр. Мұраттың жақындары ұзақ уақыт бойы іздеуде болған балдарының денесін бүгін жер қойнына тапсырмақ.