Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
OINET.KZ хабарлайды - Биыл көптеген әлеуметтік мәселелер шешілді. Ауылдар газбен, сумен, интернетпен қамтамасыз етілуде. Жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынуда. Тұрғындар бейбітшілік пен келісім болмаса, мұның бәріне қол жеткізу мүмкін еместігін жақсы түсінеді. Аға буын өз тарапынан ұлтаралық келісім мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, жастарды халықтық дәстүрлер мен сыйластық негізінде тәрбиелеудеміз.
Сортөбе ауылында өткен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегацияның Қордай ауданының тұрғындарымен кездесуінде «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов осылай деді. Кездесуге ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, Қаракемер, Масанчи, Сортөбе, Аухатты ауылдарының қариялары қатысты. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ералы Тоғжанов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қордайлықтармен бірге өзекті мәселелерді, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын талқылады. Ақсақалдар ел Президенті мен Үкіметке қамқорлық пен қолдаулары үшін алғыс білдірді. Олар аз ғана уақытта ауданда ауыз толтырып айтарлықтай оң өзгерістер орын алғанын атап өтті. «Біздің ауыл адам танымастай өзгерді. Барлық мәселелер шешілді. Енді біз тек өзара достық пен келісімде, бейбітшілік пен түсіністікте өмір сүруіміз керек», - деді Масанчи ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қордай ауданын дамытуға биыл 35 миллиард теңге бөлінді. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін, өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында жасалуда. Біздің арман-тілегіміз ортақ, бәріміз бейбітшілікте өмір сүруді қалаймыз, – деді кездесуде Ералы Тоқжанов.
Еске сала кетейік, биылдың ақпан айында Масанчи ауылында тәртіпсіздіктер орын алған болатын. Ол бойынша сот шешімі де шығып, айыпты деп танылғандарға тиісті жаза тағайындалды. Ауданның дамуына ерекше көңіл бөліне бастағаны да сол оқиғадан кейін. Тілінің тікенегі бар кей тұрғындар «төбелес болмаса мұншама қаржы бөлінбес пе еді», деп те әзілдейді. Вице-премьер, жалпақ тілмен айтсақ, төбелестен кейін қалпына келтірілген бірқатар коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлерді аралап көрді. Сондай-ақ, кездесуде ел Президентінің тапсырмасы бойынша ауданда жүзеге асырылған «Бейбітшілік пен келісім» жобасының нәтижелері сараланды. Бейбітшілік пен келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған жоба аясында қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп, жергілікті тұрғындарды мазалайтын проблемалық мәселелер анықталып, шешімін тапты. Жұмыс топтары мыңнан астам кездесу өткізіп, онда 30 мыңға жуық тұрғын қамтылған.
Сондай-ақ Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация денсаулық сақтау мекемелерінде болып, коронавирустық инфекцияның ықтимал жаңа толқынына дайындығын тексерді. Вице-премьер бастаған делегация жұмыс сапарының қорытындысы облыстық әкімдікте бейне-байланыс арқылы өткен кеңесте сараланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ел Президентінің әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауда.
«Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Медициналық мекемелер коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындалуда. Атап айтсақ, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасты. Қауіпті вируспен күресуге қосымша дәрігерлер тартылады. Мобильді топтардың қызметі жандана түсуде», - деді облыс әкімі.