Қордай ісіне қатысты тергеу аяқталды

Oinet.kz 06-08-2020 982

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың ата-аналары және туыстарымен кезекті рет кездесті.

Screenshot_2.jpg

Әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, аймақ басшысы Қаракемер және Сортөбе ауылдарында жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді.

Бердібек Сапарбаев ұсталғандардың туыстарының барлық өтініштерін мұқият тыңдап, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын және прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен қаралатынын атап айтты. Ол барлық өзекті мәселелер Қазақстан заңнамасы аясында шешілуі тиіс екендігін атап өтті.

"Біз болған қайғылы оқиғалар 11 адамның өліміне әкеліп соқтырғанын, екі жүзге жуық адам жарақат алғанын, азаматтарымыздың мүлкі зардап шеккенін ұмытпауымыз керек. Сіздердің барлық өтініштеріңіз қаралады, ұсталғандармен кездесулер мен телефон арқылы сөйлесулер ұйымдастырылады. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын аяқтады, ол материалдармен тараптар таныстырылуы керек. Заңды бұзған және олардың кінәсі дәлелденген адамдардың бәрі жазалануы қажет екенін тағы да айтқым келеді. Барлығы заң бойынша болуы керек. Бұл мәселе Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында", - деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев жергілікті тұрғындармен болған әңгіме барысында мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп, жергілікті атқарушы органдар Қордай ауданындағы ауылдарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті.

Мәселен, Қаракемер және Масаншы ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды абаттандыру мен салу үшін қосымша 3 миллиард теңге бөлінген. Тұрғын үйлер, спорт және балалар алаңдары, дәрігерлік амбулатория, мектеп, көшелер салынып, газ құбыры, сумен жабдықтау желілері тартылып, жөнделуде.

Жиын соңында аймақ басшысы Қордайда тәртіп пен заңдылықты сақтауға, түрлі арандатушылықтар мен жалған ақпаратқа бой алдырмауға шақырды.

Тоқаев Білім министріне мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды
Ксения Собчакпен суретте салмағым 135 келі еді, қазір арықтадым – «СҚ-Фармация» басшысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу