Қордайдың дүнгендері Шуда не іздеп жүр?
Oinet.kz - Биыл ақпанда Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болып, соның салдарынан бірнеше адамның қаза тапқаны белгілі. Осы қақтығыстың салдарын жою, алдағы уақытта жол бермеу үшін Жамбылда біраз шаралардың қолға алынғаны белгілі.
Осы шаралардың бір парасы болса керек, биыл Қордай ауданынындағы дүнген отбасылары дәстүр бойынша көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын Шу ауданына аттанған болатын.
Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдан келіп, диқаншылықты дамытып жүрген фермер Лұқмар Сандуров пен тағы екі отбасы мүшелері еңбек ететін егіс алқабына ат басын бұрды. Олар 150 гектар жерге пияздың «Манас» сортын өсіруде.
Масаншы ауылының тұрғыны магистралды каналдың жағасына қуатты сорғыш пен су резервуарын орнатып, сол арқылы тамшылатып суару әдісін қолданып отыр.
Диқаншылардың өздерінің айтуынша, биыл олар бір гектардан кем дегенде 80 тоннадан пияз жинауға ниетті. Өз өнімдерін еліміздің әр аймақтарына жеткізбек.
-Айта кету керек, биыл Қордай ауданынан 467 дүнген отбасы келіп, егіс жұмыстарын жүргізу үшін 8300 гектардан астам жер алған. Қордай ауданының ауылдарындағы қайғылы оқиғалардан кейін кейбіреулер дүнген ағайындардың іскерлік белсенділігіне қатысты теріс болжамдар жасаған болатын. Алайда, бүгінгі таңда бұл еңбекқор халықтың өкілдері өздерінің сүйікті ісімен айнылысып, құнарлы Шу жерінде егістік жұмыстарын сәтті жүзеге асыруда,-дейді Жамбыл облысы әкімдігінің таратқан мәліметінде.
Бердібек Сапарбаев Л.Сандуровқа пияз өсімінің жақсы жағдайы үшін ризашылығын жеткізіп, қолданылған тыңайтқыштардың сапасы, жұмылдырылған еңбек күші мен жалақы мөлшері көңіл бөлді. Сонымен қатар, өінімді келесі көктемге дейін шығынсыз сақтап отыру үшін қолайлы қоймалар салуға кеңес берді.