Тоқаев: «Еңбек демалысы дегенді ұмытыңдар»

Oinet.kz 10-07-2020 1897

Өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынамын, деді  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен мен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын, - деді ол. 

Мемлекет басшысы қазіргі дағдарыс шикізатқа бағытталған экономика үшін аса қауіпті екенін айтты. 

Экономикамыз шикізатқа бағытталғандықтан Қазақстан үшін дағдарыс аса қауіпті. Бізге жұмыстың жаңа бағдары қажет, - деді ол. 

Тоқаев еңбек демалысына қатысты пікір білдірді. 

Жаздың жартысы өтті. Министр, әкім президент әкімшлігінің қызметкерлері болсын- ешқандай еңбек демалысына шықпасын. Себебі, жағдай тым күрделі. Демалыс пен еңбек демалысы деген сөздерді ұмытыңдар, - деді президент.

Қордайдың дүнгендері Шуда не іздеп жүр?
Президент бірқатар шенеуніктерді қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу