Президентке қалай хат жазуға болады?

Oinet.kz 08-11-2019

Тоқаев.jpg

Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі парақшасында бұл қызметтің www.akorda.kz сайтында екенін айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_18.jpg

"Құрметті оқырмандарым! Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады. Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер. 

Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында менің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады. 

Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау", - деп жазды Президент.

Он жасар оқушының жазған хатына білім министрі жауап берді(видео)
Сотта жеңілген Ләйла Сұлтанқызы халықтан 9 нәрсе үшін кешірім сұрады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×