Он жасар оқушының жазған хатына білім министрі жауап берді(видео)

Oinet.kz 08-11-2019 2543

мектеп оқушысы.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев он жасар алматылық балақайдың хатын оқып, тиісті органдарға тапсырма берген. Тоқаев оқушының барлық сұрағына жауап беруді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sputnik.kz-ге сілтеме жасап.  

Мәселен, жақында он жасар Нұрбақыт Ғалымжан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтан сұрақтарына жауап алды.

"Білім министрлігінің жұмысы Нұрбақыт - сенің және сенің достарыңның білімді адам болып өсуіне және Қазақстанның дамуына өз үлестеріңді қосуына бағытталған. Мектеп бағдарламасының барлық пәні маңызды екенін және бір сабақты екінші сабақты білместен оқуға болмайтынын айтқым келеді. "Жаратылыстану" - сені қоршаған ортамен таныстыратын өте қызықты пән.  Ал "Өлкетану" саған өзің туып-өскен жердің тарихы жайлы баяндайды", - деп жазды министр өзінің Facebook парағында.

видео сілтемесі

Ал Нұрбақыт Ғалымжан мемлекет басшысы мен салалық ведомство басшысына жауабы үшін алғысын айтты. Бұған қоса, ол енді қиын сабақтарға басқаша қарауға тырысатынын жеткізді.

Бұған дейін алматылық баланың Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазғаны белгілі болды. Ол хатында Тоқаевтан каникул күндерін көбейтіп, кестеден күрделі пәндерді алып тастауды және мектепте тегін спорт секцияларын ашуды сұрапты.

Он жасар Нұрбақыт Ғалымжан хатында мектепте "Жаратылыстану" мен "Өлкетану" пәндерінен қиналатынын және бұл сабақтардың қажет еместігін айтқан еді.

М.Тұрдалиев: «Түсімде әл-Фараби көне Отырар кітапханасын көрсетті»
Президентке қалай хат жазуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу