Нұр-Сұлтанда ЭЦҚ беретін қосымша нүктелер ашылды

Oinet.kz 06-11-2019 1075

Похожее изображение

ЭЦҚ-мен жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттар тізімін беретін 3 қосымша орын ашылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері 6 қарашадан бастап "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында, Сарыарқа мен Есіл аудандарының Оpen akimat (ашық әкімдік) жұмыс істей бастайды. Мамандар жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба) мен қажетті құжаттар тізімін береді. Бұдан басқа, штаттық режимде ЭЦҚ қаланың барлық ХҚО-ларында да беріледі, - делінген хабарламада.

Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 5-10 қараша аралығында жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау Smart Astana порталы арқылы жүзеге асырылады.

ЭЦҚ беру бойынша қосымша нүктелердің мекенжайлары:

- "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14;

- Сарырқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13;

- Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 33.

Кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаражат 1,5 есеге ұлғаяды
Асқар Мамин жаңа заң жобаларының сапасына назар аудару керектігін ескертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу