Кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаражат 1,5 есеге ұлғаяды

Oinet.kz 06-11-2019 1023

Картинки по запросу кәсіпкерлікті қолдау қаржыландыру

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасы әзірленгенін айтты, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бизнестік жол картасы -2020» осы жылы аяқталады. Сондықтан бағдарламаның жаңа жобасы әзірленді. Жобада мақсаттар мен міндеттер сақталды, қолдау құралдары жетілдірілді. Олардың тиімділі мен қолжетімділігі артты. Бірінші, айналым қаражаттың несиелеу көлемі 60 млн-нан 360 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Екінші, несиелердің қолжетімділігі арттырылуда. Ол үшін микроқаржы ұйымдарды субсидиялау және кепілдендіру енгізіледі. Үшінші, кәсіпкерлерге жұмыспен қамту және салық түсімдерін арттыру талабы жетілдірілді. Төртінші, кәсіпкерлерді әр сатыда сүйемелеу күшейтіледі. Бұл: оқыту, несие, қолдау алу үшін тиісті құжаттарды дайындау және тауарларды өткізу жолдарын ұйымдастыру», - Руслан Дәленов. 

Бағдарламаның келесі кезеңіне 421 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыру өткен бесжылдық кезеңге қарағанда 1,5 есеге ұлғайды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасында нысаналы индикаторлар көзделген. Олар еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді. Ол ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін кем дегенде 35 пайызға, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 13,4 пайызға жеткізу болып белгіленген.

«ШОБ-тың үдемелі дамуы экономиканың сапалы өзгеруіне ықпал етеді. Бұл үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бизнесті жүргізу шарттары түбегейлі жақсарады. Кедергілер төмендетіліп, рұқсат беру құжаттарының тізбесі қысқарады. Шағын және орта бизесті ынталандыру шаралары қабылдануда. Біздің міндетіміз - іскерлік ортаны жетілдіру. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы экономиканың 3/1-ден астамы ШОБ-қа тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай ШОБ ЖІӨ-нің жартысын құрайды», - деді министр.

Ішкі істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер жасалды
Нұр-Сұлтанда ЭЦҚ беретін қосымша нүктелер ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу