Бас полицей байланыста!
14-01-2021
Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапова ММА бойынша ең ірі промоушн – Ultimate Fighting Championship (UFC) спортшылары қатарында турнирлерге қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агапова UFC қатарына былтырғы тамыз айында-ақ өтіп кетер еді, дегенмен америкалық Трэйси Кортестен ұтылып, келісімшарттан құр қалды. Осы жеңілістен кейін Мария Invicta FC промоушны аясында екі мәрте айқасқа шықты.
Қыркүйек пен қазандағы жекпе-жекте ол қарсыластары америкалық Алекса Коннерс пен бразилиялық Марилия Сантосты бірінші раундта уақытынан бұрын жеңді. Осы жетістіктердің арқасында UFC Агаповаға қайтадан назар аударды. Спорттағы жаңа белесі туралы Мария өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Армандар орындалады. Менің бір татуымда осылай деп жазылған. Мен оны білетінмін. Бүгін мен өмір бойы көксеп, тер төккен мақсат орындалды. Бапкерлеріме, менеджерлер мен серіктестеріме көп рақмет. Мен тіпті үмітім үзіліп, арманым енді орындалмайды деп түңілген кездерде де жаттығу үшін залға баратынмын. Ал енді мен UFC қатарындамын, 2020 жылы осы жерде жекпе-жекке шығамын. Мұнда бүкіл әлемнен спортшылар жиналған – біз бір үлкен отбасымыз. Осы отбасының мүшесі атанғаным үшін өте бақыттымын. Жақында кітап жазамын. Барлық жанкүйеріме рақмет. Қолдау көрсеткен достарыма мың алғыс. Осы уақыт аралығында бір нәрсені түсіндім – жаныңда жүргендердің бәрі дос емес, сені ұрғандардың бәрі дұшпан емес», – деп жазды Мария Агапова.