Бүгін дүниеге келген сәбилерге көп қойылған есімдер - Сайлаубек, Сайлаугүл, Қасым-Жомарт

Oinet.kz 09-06-2019 1165

Screenshot_2.jpg

Бүгін Түркістан облысының перзентханаларындағы әйелдер сайлауға қатысты. Олар таңғы 7-ден бастап дауыс бере бастады. Бұл жөнінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. 

Сайлау Түркістан облысының барлық перзентханаларында өтті. Сайлауға үш жүзден астам жүкті және босанған әйелдер қатысты. 

Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Бүгін 200-ге жуық бала дүниеге келді. Олардың жүзден астамы қыз бала. 

Айта кетерлігі, бүгін аталған өңірде дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер - Сайлаубек, Сайлаугүл, Қасым-Жомарт екен.

Қыздардың арасында достық бар ма?
Қандай жігіт іздеймін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу