Қандай жігіт іздеймін...

Oinet.kz 11-06-2019 1506

 image_562309142249081779364.jpg

Түнерген көк аспан күркірі жанға жылу орнатпаса да, көңілге ерекше күй беретін сияқты ма, қалай?  Гүрілдеген машина даусы мезі еткендей, құлағыма салып алған құлаққабымның да берері аз сияқтанады.Сондағысы жаттанды әуендер. Ішімнен жаңбыр жауып кетпесе болар еді деп тілеп келем. 

- Военкамат. 400 теңге?

- 500 теңге қылсаңшы, қызым. 

- (100 теңге арысы-берісі несі...)

- Жарайды, аға! 

- Студентпісің, қызым? 

- Иә. 

- Қай мамандықта оқисың?

- Қазақ тілі мен әдебиеті.

- Еее, мұғалім деген жақсы ғой, менде мұғаліммін. Қазір зейнеттемін. Кезінде таалаай ақымақ, сумиларға сабақ беріп,  өзімнің де қартайып шал болғанымдызды аңғармай да қалыппыз-ау. Уақыт деген қандай-ә? Зымырап өте шығады.

- Жігітке бара жатырмысың? (әзіл-қалжыңы аралас)

-Жоға,  үйге қайтып бара жатқам,  әзірге жігітке жоқ. (менде күліп) 

- Жоқ болса ізде. (тағы да күліп) 

- Қыз баланың жігіт іздегені ыңғайсыз емес пе?

- Қыз қылығымен сүйкімді шырағым. Көрген кісіңе күліп амандасып, жымиып сөйле, ақжарқын бола біл. Екіншіден, пысық бол, пысықтықпен қатар шапшаң бол. Үйіңе аяқ асты қонақ келіп қалса, баяу қозғалып, әлі бір ыстық тамағың дайындап үлгермесең келген кісілерден ұят  қой? Содан соң балажан бол, кімнің баласы болса да, мейіріммен қарап, тіл табыса біл. Ааал,  енді жігіт бойынан қандай 5 қасиетке қарайсың? 

- Өзіңіз айтқаныңыз жөн болар.( әйтпесе миымда тұр-ақ "идеал" жігіт бейнесі) 

- Ендеше, тыңда! Ер адам қашанда ерлерге тән қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі болғаны жөн. Қазақта бір сөз  бар «Биік таудың төбе құсап мүжілгені жаман, еркектің әйел құсап сызылғаны жаман» дегендей, ер адам жігерсіз болса – онан не қайыр? Бұл бір ма?  

Екінші, ми керек. Миы, ақылы болмаса ол адам болмайды.

Ү-ү-үшінші, мейірімді болу керек,  қыз баланы әрқашан сыйлап, құрметтеуі тиіс. Егер олай болмаса,ол жігіт емес. 

Төрт па? Ер жігіт "Бөрі азығы – жолда" деген ұстаныммен өмір сүруі керек. Әрқашан іс-әрекет барысында жүруі тиіс. Ееең соңғы бесінші, тазалық керек,  киген киімі мен жүріс-тұрысы  сай болу керек. Менімен келісесің бе, қызым?  -  Әрине келісемін, дұрысын айтасыз. ( өмірі бейтаныс кісіден мұндай ақыл естіп көрмеген мен) 

  - Аға,  осы жерден... Түсе салысымен жаңбырдың құйғанын-ай... Әдетінше, тағы да жаңбыр астында қалдым. Мейлі, жауа берсін. Тіпті осы жаңбыр тамшылары көңілге серпін беретіндей...

Айнұр Мейрбек

Бүгін дүниеге келген сәбилерге көп қойылған есімдер - Сайлаубек, Сайлаугүл, Қасым-Жомарт
Пластилин жеуге қалай қарайсыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу