Пластилин жеуге қалай қарайсыз?
Бір қызық жәйт айтайын ба? Жеті жасыма дейін мен, көп нәрсені татып та, тәуекел етіп те, сынап көруді де үлгеріппін. Тентектікпен істеген қылықтарымның дұрыс еместігін ол кезде түсініп те жатқам жоқ еді.Бір күні балалық қызық көңілмен бауырым екеуіміз пластилин жедік. Иә,иә кәдімгі иілгіш пластилин. Мұның не қажеті бар екенін, не үшін жегенімді түсінбедім, бірақ бас тартқым келмеді.Құрылысқа қолданатын желімді де, полиэтилен құтыдан кесілген көпіршіктен де дәм татуға тырысыппын. Иісі тым жағымсыз болатын. Бауырыммен бәсеклестіктен жеңіліп, терезедегі кастрюльде тұрған әжемнің алоэның бір бөлігін де шайнаппын. Тым ащы дәмі аузымды кеуіп барады, түкіріп, бірден аузыма жарты қант ыдысын қопара салғаным есімде. Ащы дәмі аузымды кеуіп барады. Өкінішке орай, бұл ісім көмектеспеді... Ең қызығы, ауладағы тышқан бұршағына ұқсас қызықты арамшөпті де жеппін. Гүлі жұмсақ болды, бірақ оларды арамшөптерінен тазалау қажет еді. Бұл маған қызықты жұмыс көрінетін. Бірақ бұл да дәмсіз еді,яғни көңілімнен шықпағаны ғой...
Борды да жедім.Жегендерімнің ішінде жеуге жарамдысы осы шығар.Жасыл бояғыштың да дәмін көрдім. Ұнамады... Байқаусызда сияны да жедім. Ой-ооой! Дәмін еш уақытта ұмытпаспын. Сондай-ақ: тіс пастасы, ыстық бұрыш, ұн, шикі ет, өшіргіш бұлардың да дәмін көрдім. Қарап тұрсам, сол уақытта ешқандай асқазан жарасы, аппендицит сияқты аурулар жоқ еді. Ал қазір ше? Майлы - бауырға, ащы- асқазанға, ашу - кішігірім өлім, тағысын - тағы. Қайта оралғым келеді... Пластилин жеуге қалай қарайсыз?
Айнұр Мейрбек